25.04.2007, 10:08 3472

Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетті

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетіп, екеуі де қайтыс болды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы 24-сәуір күні кешке Жамбыл ауданында "Қазыбек би" темір жол бекетінде болған. "38 жасар машинист жүргізіп келе жатқан Алматы І - Отар бағытындағы № 3011 жүк поезді 1975-жылы туған бір еркек пен әйелді соғып кеткен, олар алған жарақаттар салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны