09.06.2009, 09:20 1501

Алматы облысындағы қару-жарақ қоймасында шыққан өрт салдарынан бір әскери қаза тапты

Алматы облысындағы қару-жарақ қоймасында шыққан өрт салдарынан бір әскери қаза тапты

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы қару-жарақ қоймасында шыққан өрт салдарынан бір әскери қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 18.09-да Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2466-шы әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасынан өрт шығып, оның арты жарылысқа ұласқаны, соның салдарынан 20 жастағы жедел қызметтегі әскери қызметкердің қаза тапқаны туралы хабар түскен.

Искери бөлім Алматы облысының Іле ауданындағы Қараой кентінен 1 шақырымдай жерде орналасқан.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органының, Іле аудандық әкімдігінің, Қорғаныс министрлігінің Искери-тергеу басқармасының, Алматы гарнизоны әскери прокуратурасы мен аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдерінен құрылған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Жекелеген жарылыстардың салдарынан өрт сөндіру қиынға түскен. Соңғы жарылыс бүгін таңертең сағат 05.20-да тіркелді.

Қорғаныс министрлігінің 61993-шы әскери бөлімінің екі саперлар тобы таңертең сағат 06.15-терде ауылдың айналасын төңіректе болуы мүмкін жарылғыш заттардан тазалауға кірісті.

Жарықшақтар шашырауы ықтимал аумақтан 46 отбасы, сондай-ақ әскери бөлімнің аумағынан 120 жауынгер көшірілді. Икімдік Қараой ауылының тұрғындарына ыстық тамақ және түнейтін дала лагерін ұйымдастырды.

Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 147 адам және 40 техника жұмылдырылып отыр, оның ішіндегі 63 адам мен 17 техника Төтенше жағдайлар министрлігіне қарайды. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға жұмылдырылған жеке құрам жарылыс қаупіне байланысты әзірге 1,5-2 шақырымдай қашықтықта тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны