29.02.2008, 10:46 726

Алматы облысындағы Көкдала ауылында 77 үй мен орта мектепті жайылма су алды

Алматы облысындағы Көкдала ауылында 77 үй мен орта мектепті жайылма су алды

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы Көкдала ауылында 28 ақпанда ұзаққа созылған нөсер, қардың шұғыл еруі мен бас арнаның жарылуы салдарынан жайылма су 128 отбасы тұратын 77 үй мен орта мектепті алып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халықтың бір бөлігі (330 адам) Ескелді ауылына көшіріліп, туыстары мен ауылдық мектепте орналастырылды. Бас каналдың жарылған жерін бітеу, ауылдан суды бұрып жіберу жұмыстары жүргізілуде", -деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 131 адам мен 39 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің 91 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны