18.01.2010, 09:33 1431

Алматы облысындағы тауларда екі адам қар көшкінінің астында қалды, олардың бірі қаза тапты

Алматы облысындағы тауларда екі адам қар көшкінінің астында қалды, олардың бірі қаза тапты

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы тауларда екі адам қар көшкінінің астында қалды, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше "Іле Алатауында, Талғар ауданында Кіші Алматы өзенінің бассейнінде сағат 14.02-де екі қар көшкіні түсті. Соның салдарынан екі адам қар көшкінінің астында қалды ".

"Іздестру -құтқару жұмыстарының барысында 33 жастағы әйел қар көшкінінің астынан алынып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 67 жастағы ер адамның мәйіті табылды", - деп хабарлайды ТЖМ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "түскен қар көшкінінің салмағы шамамен 5 мың шаршы метрді құрайды".

Төтенше жағдайды жоюға Алматы қаласындағы "051" құтқару қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы; "РОСО" МБ-ның 38 адамы мен 5 техникасы; "Қазселденқорғау" МБ-ның 5 адамы; ҚР ТЖМ Талғар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны