06.06.2011, 14:21 3270

Алматы облысындағы техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрт салдарынан 8 жеңіл көлік өртеніп кетті

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай аудандағы Қырғауылды-2 ауылында техникалық қызмет көрсету орталығында болған ірі өртте 8 автокөлік жанып кеткен. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Астана. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы техникалық қызмет көрсету орталығында болған өрт салдарынан 8 жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысы Қарасай аудандағы Қырғауылды-2 ауылында техникалық қызмет көрсету орталығында болған ірі өртте 8 автокөлік жанып кеткен. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Оқиға өткен сенбі, кешкі сағат тоғыз жарымда болды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің 42 адамы мен 9 техниканың күшімен бір жарым сағатта ауыздықталды. 400 шаршы метр аумаққа жайылған өрт жөндеуде тұрған барлық 8 автокөлікті шарпыды.

Абырой болғанда адам шығын жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны