21.10.2011, 12:52 6561

Алматы облысындағы ЖЭО болған оқыс оқиға салдарынан бір адам мерт болды

Алматы облысында ЖЭО-дағы газ-түтін мұржасының діктің беткі жабындығының төмен құлап кетуі салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.

Астана. 21-қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы ЖЭО болған оқыс оқиға салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысында ЖЭО-дағы газ-түтін мұржасының діктің беткі жабындығының төмен құлап кетуі салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.

"20 қазан күні сағат 16.35-те Алматы облысы Қарасай ауданы Алғабас ауылында АЛЭС ЖЭО-2 АҚ аумағында "Үш-Сат" ЖШС газ-түтін мұржасын күрделі жөндеу жұмыстарына дайындау кезінде газ-түтін мұржасының беткі жабындығы құлап кетті. Соның салдарынан 18 жасар жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, 19 жасар және 18 жасар тағы екі жұмысшы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны