27.05.2009, 09:38 1062

Алматы - Өскемен тас жолында үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі жараланды

Алматы - Өскемен тас жолында үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі жараланды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Өскемен тас жолында үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, біреуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты Алматы облысының Іле ауданында болған. Алматы - Өскемен тас жолының 19-шы шақырымында 25 мамырда сағат 20.00-де "Ниссан", "Кия" және "БМВ" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Ниссан" жүргізушісі, 26 жастағы жүргізуші мен оның 27 жастағы жолаушысы, сондай-ақ, 26 жастағы "Кия" жүргізушісі оқыс оқиға орнында қаза тауып, "БМВ" жүргізушісі - 39 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны