31.10.2006, 09:42 6223

Алматы полицейлері бір апта ішінде 14,5 кг есірткі тәркіледі

АЛМАТЫ. 31 қазан . Kazakhstan Today. Өткен аптада полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысты 24 қылмыстың бетін ашып, 14,5 кг есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Бостандық ауданында марихуананы сатқаны үшін 25 жастағы ер азамат ұсталды, одан 7 киллограмнан астам марихуана табылды. Марихуананың дәл сондай партиясы өткен сенбіде тәркіленді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бірнеше мәрте героин өткізбек болған жағдайды тоқтатты. Жетісу ауданында 26 қазанда 33,24 грамм героинді сату барысында 32 жастағы алматылық азамат ұсталды.

Жалпы бір апта ішінде есірткі өткізумен айналысқан 14 адам қолға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны