14.04.2016, 16:02 5478

Алматы полициясы екі жүргінші қаза тапқан жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу шарасын жүргізуде

Естеріӊізге сала кетелік, жол-көлік апаты бүгін Алматы қаласыныӊ Жетісу ауданында болды. BMW маркалы автокөлігініӊ жүргізушісі Жангелдин көшесімен оӊтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Сидоркин көшесіне бұрылып жатқан "Дэу Матиз" автокөлігіне барып соғылған

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы полициясы екі жүргінші қаза тапқан жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу шарасын жүргізуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетелік, жол-көлік апаты бүгін Алматы қаласыныӊ Жетісу ауданында болды. BMW маркалы автокөлігініӊ жүргізушісі Жангелдин көшесімен оӊтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Сидоркин көшесіне бұрылып жатқан "Дэу Матиз" автокөлігіне барып соғылған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Соққы салдарынан BMW автокөлігі жол қиылысыныӊ бұрышына шығып кетіп, екі жүргіншіні қағып кетеді. Бұдан әрі бұл көлік жол жиегінде тұрған "Фольксваген" және "Тойота Лэнд Крузер" маркалы автокөліктерімен соқтығысады.

"ҚР Қылмыстық кодексініӊ 345-бабыныӊ 4-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соныӊ аясында тиісті сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынады және осы екі жүргіншініӊ өліміне әкеп соққан апаттыӊ басқа да себептері анықталады", - делінген хабарламада.

Жол-көлік апатына кінәлі Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметініӊ қызметкері оқиға орнында ұсталып, уақытша қамауға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны