15.05.2007, 18:56 2792

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен Түркия және Үндістан азаматтары құрықталды

АЛМАТЫ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен Түркия және Үндістан азаматтары - үш адам құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Криминалдық полиция басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, шетелдіктердің ірі сауда компанияларының супермаркет желілерінде жасалған бірқатар алаяқтық қылмыстарына қатыстары бар. Полицейлердің айтуынша, жақсы киінген алаяқтар күзетшілердің көзіне түспей, дүкен кассасына келіп, серіктес фирмалардың атын жамылып, алдау жолымен ақшаны алып кетіп отырған. "Алматыда тек өткен аптада ғана осы тектес үш оқиға тіркелген",- деп қосты полицейлер.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, полицейлер қылмыскерлердің - екі еркек пен бір әйелдің фотороботтарын жасап, қаланың барлық ірі супермаркеттеріне іліп қойған. Көп кешікпей бір дүкеннің күзетшісі күдіктіні танып, полицейлерді шақырған.

Ұсталған шетелдіктер өздерінің туристер екендіктеріне сендіріп баққан. "Олардың айтуынша, Алматы арқылы Астанаға бармақ болған, бірақ берген жауаптарын растайтын құжаттар болмай шықты",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта Түркия мен Үндістан азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының 177-бабы бойынша (алаяқтық) айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны