18.05.2016, 17:52 7387

Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды

Оқиға өткен жұма күні Иуезов пен Қабанбай көшелерініӊ қиылысында орын алған болатын

Алматы. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға өткен жұма күні Иуезов пен Қабанбай көшелерініӊ қиылысында орын алған болатын, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы туралы видеотіркегіштегі бейнероликті Youtube Nureke Abeno есімді қолданушы салған.

Бейнероликте баланыӊ орнынан тұра сала қаша жөнелгені түсіп қалған. Оқиға орнында сәл бөгелген жүргізуші сыртқа шықпастан әрі адамдардыӊ айтқанын тыӊдамастан тайып тұрды.

"Іздестіру жұмыстарыныӊ арқасында 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол Алмалы аудандық ІІБ ҚР ИқК 610-бабыныӊ 2-бөлімімен, 611-бабыныӊ 2-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланыӊ денсаулығына келтірілген зардапты анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметініӊ іздеу бөлімініӊ басшысы Ерік Насырбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны