28.06.2011, 17:01 3276

Алматыда болған боранның салдарын жоюға қатысты жұмыстар жүргізілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2011 жылдың 27 маусымы күні күндізгі сағат 14.20-да Алматы қаласының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауып, секундына 11 метр жылдамдықпен жел соққан.

Алматы. 28 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда болған боранның салдарын жоюға қатысты жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2011 жылдың 27 маусымы күні күндізгі сағат 14.20-да Алматы қаласының аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауып, секундына 11 метр жылдамдықпен жел соққан.

Соның салдарынан 12 шағын станцияның жұмысы істен шығып, көптеген электр желілері үзілді. Бостандық, Алмалы және Иуезов аудандарындағы тұтынушылар жарықсыз қалды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

16 аула мен үйді су басқан. Оқиғаның зардабын жоюға Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің күші мен құралы жұмылдырылды.

Қала бойынша 5 машинаға ағаш құлап, көшедегі жаяу жүргінші жүретін жол бөліктеріне 14 ағаш құлаған, 6 ғимараттың шатыры ұшқан.

Алматы қаласы автожолы- Ілі Алатауындағы Медеу бөгетіне 30 ағаш құлаған. ҚР ТЖМ "Қазауылқорғау" МУ бригадасының 11 қызметкері мен 3 техникасы жолды тазалап жатыр.

Ал Алматы қаласының өзінде қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган коммуналдық қызметтері тұрғын үй аулаларын және жолдарды тазартуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны