24.09.2008, 09:49 1310

Алматыда дәмханада өрт шығып, бір адам зардап шекті

Алматыда дәмханада өрт шығып, бір адам зардап шекті

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дәмханада өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданы Пушкин көшесіндегі "Береке" дәмханасында 23 қыркүйекте сағат 10.07-де 150 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан дәмхана әкімшісі 2-ші дәрежелі күйікке шалдықты. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрт сағат 12.29-да ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 23 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны