19.08.2009, 09:50 1367

Алматыда дәнекерлеу жұмыстары кезінде бір жұмысшы тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Алматыда дәнекерлеу жұмыстары кезінде бір жұмысшы тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда дәнекерлеу жұмыстары кезінде бір жұмысшы тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 18 тамызда Алмалы ауданында Ақжайық және Мұратбаев көшелерінің қиылысында болған. Сағат 16.51-де дәнекерлеу жұмыстары кезінде "Ситистрой-Окно" ЖШС-нің бір жұмысшысы 12 қабатты тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатынан құлады. 48 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны