05.10.2011, 11:55 4108

Алматыда дүкендер кешенінде өрт шықты

Кеше Алматы қаласындағы "Проздина" жеке кәсіпкерлігінің дүкендер кешенінде ірі өрт шыққан.

Алматы. 5-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда дүкендер кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алматы қаласындағы "Проздина" жеке кәсіпкерлігінің дүкендер кешенінде ірі өрт шыққан.

Тілсіз жау Жетісу ауданы, Айнабұлақ-4 шағынауданындағы Жұмабаев көшесінде орналасқан жеке кәсіпкерліктің дүкендер кешенінде 19 сағат 19 минутта басталған.

Жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөнжіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 50 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 20.31ауыздықталып, 25 минуттан кейін толығымен өшірілген.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны