21.05.2009, 09:40 1201

Алматыда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт жаяу жүргінші зардап шекті

Алматыда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт жаяу жүргінші зардап шекті

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Алматыда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Дэу" және "Мицубиси" көліктері 20 мамырда сағат 13.07-де Гоголь және Бәрібаев көшелерінің қиылысында соғысқан.

Апат салдарынан үш әйел мен 7 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны