04.08.2006, 12:49 2998

Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі өз бақылауына алды

АЛМАТЫ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда Франция азаматының өлтірілуіне қатысты істі республика ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың өзі бақылауға алды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, шұғыл тергеу тобы құрылды. Қылмысқа қатысты бірнеше жорамал қарастырылуда. Соның ішінде азаматтың дүние-мүлкін иемденіп алу мақсатымен өлтіру деген жорамал да бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-тамызда Алматының Алмалы ауданындағы бір үйдің пәтерінен 25 -жастағы Франция азаматы- журналист Гругуар де Бургтың мәйіті табылған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ол пышақтау салдарынан жан тапсырған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны