02.02.2010, 17:32 4851

Алматыда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсталды

Алматыда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсталды

Алматы. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Алматы қалалық ІІД жедел басқару орталығына қалада тұратын бір әйелден хабар келген. Қоңырау шалған әйел бірнеше минут бұрын Шәріпов пен Шевченко көшелерінің қиылысында өзіне бірнеше беймәлім жанның шабуыл жасап, тапанша көрсетіп қорқыту арқылы ақшасы мен құжаттарын тартып алғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, шығын көлемі 600 мың теңгеден асқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Қылмыс орнына келген тәртіп сақшыларына әйел шабуыл жасаушылардың 30-35 жастар шамасындағы азиялық текті, қара түсті киім кигенін жеткізген. Ақпаратты алған тәртіп сақшылары сол маңайды сүзіп шығады. Қылмыс жасалған жерге таяу жерден күдіктілер ұсталып, әйел оларды таныды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары үш резеңке оғы бар жарақаттағыш тапанша мен ақшаны айғақзаттар ретінде тәркілеп алды.

Полицияның мәліметінше, ұсталғандар Оңтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғындары болып шықты. Екі жігіттің де Алматыда тұрақты мекен-тұрағы болмаған, еш жерде жұмыс істемеген. Алмалы аудандық ІІБ бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-шы бабы (қарақшылық шабуыл) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандардың Алматыда жасалған осы тектес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны