03.06.2016, 21:37 9588

Алматыда қисайған үйді салған компания далада қалған жұртқа пәтер тауып бере алмайтынын айтты

Алғабастағы апатты үй ақыры бұзылатын болды. Алматыда қабырғасы қисайған үйдіӊ техниикалық жағдайын тексерген мамандар 9 қабатты нысанды аса қауіпті деп тапқан. Сондықтан бүгіннен бастап тұрғындар пәтерлерін босатуы тиіс. Алайда далада қалғандардыӊ қайда барары белгісіз. Өйткені "Астана құрылыс" компаниясы жүздеген тұрғынға баспана беретін жағдайымыз жоқ деп отыр

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan Today - Алғабастағы апатты үй ақыры бұзылатын болды. Алматыда қабырғасы қисайған үйдіӊ техниикалық жағдайын тексерген мамандар 9 қабатты нысанды аса қауіпті деп тапқан. Сондықтан бүгіннен бастап тұрғындар пәтерлерін босатуы тиіс. Алайда далада қалғандардыӊ қайда барары белгісіз. Өйткені "Астана құрылыс" компаниясы жүздеген тұрғынға баспана беретін жағдайымыз жоқ деп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Екі күннен бері елдіӊ есін алған Алғабас-6 ықшамауданындағы 136-шы үй ақыры бұзылатын болды. Бүгін арнайы комиссияныӊ шешімімен тоғыз қабатты нысан апатты деп танылды. Сондықтан мұндағы 72 пәтерде тұратын 200-ден астам тұрғын алдағы 1-2 күнде басқа пәтерлерге көшіріледі. Ал оныӊ орнына болашақта зілзалаға төзімді, сапалы және заманауи тоғыз қабатты тұрғын үй салынбақ.

Қабырғасы 32 сантиметрге қисайған ғимарат кешелі бері тағы да ауытқыған. Яғни монолиттен құйылған үй күн санап семіп барады. Сондықтан атқамінерлер жұртты жаппай көшіруді ұйғарыпты, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары

-Сіздер басқа үйге көшесіздер. Ертеӊ оныӊ арғы күні айтамыз қай күні қай жерге көшетіндеріӊізді. Ешкім мына жерде қалмайды. Жақсы үйге көшесіздер.

Апатты үйдіӊ тұрғындары енді екі күн ішінде дүние-мүлкін алып көшіп үлгеруі тиіс. Яғни аяқ астынан далада қалған 200-ден астам тұрғынды "Астана құрылыс" компаниясы су жаӊа пәтерлермен қамтамасыз етуге міндетті. Алайда оныӊ басшысы дәл қазір жұртқа баспана беретін жағдайымыз жоқ дейді. Тіпті әкімдіктіӊ шешімінен хабарсызбын деп шорт кесті.

Бекболат Амантұрлин, "Астана құрылыс" компаниясыныӊ президенті:

-Изірге тиісті шешім жоқ. Комиссия нақты қортынды шығармай жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз. Ирі қаржылық мүмкіндігіміз де жоқ. Мен әкімдіктіӊ ешқандай мәлімдемесін естіген жоқпын.

Ал көшін қоӊдауға кіріскен жұрттыӊ әлі де көӊілінде күдік көп. Себебі олар басқа баспана қала сыртынан немесе әлі инфрақұрылымы жоқ жерден беріледі ме деп қауіптенеді.

-Алғабастыӊ өзінен берсе де қуанамыз. Өйткені балалар мектепке барады, емхана қасымызда, жұмысымыз да осы жерде.

-Қай жақтан береді сол жерден аласыӊдар деп айтты. Оған тұрғындардыӊ көбі келіспей жатыр.

Апатты үйді зерттеген комиссия құрылыс барысында бірқатар талаптардыӊ сақталмағанын анықтапты. Яғни тұрғын үй тұрғызылатын жердіӊ топырағын нығыздау жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан жобалаушы компания мен техникалық қадағалау жасаған мекеме де енді жауаптан жалтара алмайды. Өйткені қисайған үйдіӊ құрылысына қала бюджетінен 400 миллион теӊге қаржы жұмсалған екен. Желге ұшқан ақшаныӊ қайтарымын енді құзырлы орындар қадағалайды. Сондай-ақ, қаладағы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған барлық құрылыс нысандары жаппай тексерілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны