10.02.2011, 13:40 3108

Алматыда көлік апатының салдарынан екі адам мерт болды

Алматыда болған көлік апатының салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда болған көлік апатының салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Таңғы сағат 08.30 шамасында Сүйінбай және Шолохов көшелерінің қиылысында Синойл жанармай бекетінің жанында көлік апаты болған. 303 бағытты бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобус пен "Мерседес" көлігінің соқтығысуы салдарынан 1949 жылы туған ер азамат пен 1975 жылы туған бір әйел қайтыс болды",- деп хабарлады Алматы қаласының Құтқару қызметі" мекемесінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны