14.11.2006, 13:24 2584

Алматыда көппәтерлі үйлердің бірінде электр желісінің тұтануы нәтижесінде 3 адам улы газдан ыстанып, 35 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 14 қараша. Kazakhstan Today. Алматыда көппәтерлі үйлердің бірінде электр кабелінің тұтануы салдарынан 3 адам улы газдан ыстанып, 35 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі миистрлік хабарлады.

Министрлік мәліметтерінше, қарашаның 13-і Медеу ауданындағы Самал-2 ықшам ауданында 12 этажды тұрғын үйде 15 шаршы метр кабель шахтасындағы электр желісі тұтанған.

Оның салдарынан 3 адам улы газдан тұншығып, ауруханаға жеткізілді. 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдайлай жөніндегі қызметтің 35 өрт сөндірушісі мен 9 техника өрт сөндіруге жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны