07.05.2009, 16:08 3053

Алматыда құрылыс жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның жұмысшысы мерт болды

Алматыда құрылыс жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның жұмысшысы мерт болды

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда құрылыс жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның жұмысшысы мерт болды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Юрий Ильин "Қазақстан Бүгін" агенттігіне хабарлады.

Оның айтуынша, 7 мамырда таңертеңгі сағат 11 шамасында Абай және Гагарин көшелерінің қиылысындағы қазаншұңқырдағы құрылыс жұмыстары кезінде "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның жұмысшысын плита басып қалған.

АІІБ мен еңбек қорғау басқармасы жұмысшының өлімге душар болу дерегі бойынша тексеру жүргізеді, деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны