08.06.2007, 16:53 2983

Алматыда лак және бояулар қоймасы өртеніп жатыр, 40 адам сыртқа шығарылды

АЛМАТЫ. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда орталық базар маңында лак және бояулар қоймасы өртеніп жатыр, 40 адам сыртқа шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 13.35-те Алматы қалалық "Өрт сөндіру құралдары және апаттық-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі бөлімшесінің кезекші бөліміне Жетісу ауданының Ангарская көшесінің бойында қойманың өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түскен. "13.41 оқиға болған жерге 12-ші өрт сөндіру бөлімінің бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келіп жетті. Белгілі болғандай, лак және бояу қоймасы өртеніп жатыр",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Тілсіз жау 1000 шаршы метр алаңды шарпыған. 12-ші өрт сөндіру бөлімінің командирі өртті 2 санатқа жатқызды, ал өрттің алаңы жарты сағат ішінде 1500 шаршы метрге дейін жеткен.

"Қазіргі уақытта жеке құрамның 80 адамы, 12 негізгі машинасы, 4 арнаулы машина жұмыс істеуде",- деді құтқару қызметіндегілер. Сонымен қатар, оқиға болған жерде қаланың арнаулы қызметтері - полиция, электр желілері қызметі, су құбыры қызметі, медициналық жедел жәрдемнің дәрігерлері жұмыс істеуде. Өрт болған жерде Алматы қалалық өрт сөндіру департаментінің бастығы да жүр. 40 адам сыртқа шығарылды.

Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздыталды. Бірақ өрттің сусыз ауданда шығуына байланысты оның сөндіру қиынға соғып отыр. мұнда қосымша Жетісу ауданының ДЭУ суару машинасі жіберілді. Баспасөз қызметі сондай-ақ, аталмыш нысан өрт сөндіру департаментінің желісі бойныша 2007 жылдың қаңтарында тексеруден өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны