30.11.2011, 11:02 6516

Алматыда математика пәнінің мұғалімі мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген

Алматының полиция қызметкерлері N121 жалпыға білім беретін мектепте бомба қойылды деп жалған мәлімет таратқан ер адамды анықтаған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 30-қараша. Kazakhstan Today - Алматыда математика пәнінің мұғалімі мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматының полиция қызметкерлері N121 жалпыға білім беретін мектепте бомба қойылды деп жалған мәлімет таратқан ер адамды анықтаған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, Алматыда 28 қараша күні N121 мектепке бомба қойылды деп қоңырау шалған адамның кім екені анықталған. Жалған мәлімет таратуші осы мектептің жоғарғы сынып оқушыларына математика пәнінен сабақ беретін 40 жастағы мұғалім болып шыққан.

"Ол ұсталысымен кінәсін мойындады. Оның айтуынша, таңертең жұмысқа кешігіп, оқу жоспарын дайындап үлгермеген ол дүкеннен сим-карта сатып алған да, өзінің ұялы телефонына салып, "112" пультына қоңырау шалған. Содан кейін сим-картаны лақтырып тастаған", - деп қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Изірбек мәлімдеді.

Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалып қана қоймай, төтенше қызметтерге келтірілген материалдық шығынды өндіру мәселесі қаралмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны