06.05.2009, 18:40 2934

Алматыда "Мерседес" жүргізушісі жол жөндеп жүрген екі жұмысшыны қағып кетуі салдарынан олардың біреуі қаза тапты

Алматыда "Мерседес" жүргізушісі жол жөндеп жүрген екі жұмысшыны қағып кетуі салдарынан олардың біреуі қаза тапты

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Мерседес" жүргізушісі жол жөндеп жүрген екі жұмысшыны қағып кетуі салдарынан олардың біреуі қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол полициясы басқармасының мәліметінше, 6 мамырда сағат 03.10-да "Мерседес" жүргізушісі Сейфуллин мен Мәметова атындағы көшелердің қиылысында асфальтты оюмен шұғылданып жүрген екі жұмысшыны қағып кеткен. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жұмысшылар арнаулы кеудеше киіп жүрген, олардың жанында жол жөндеу жұмыстары жөнінде ескерту болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автокөлік үлкен жылдамдықпен келген. Жүргізушіні ұстауға барлық шара қолданылады, деп хабарлайды басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны