01.03.2011, 18:08 3529

Алматыда микроавтобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін жолда бес жасар баланы қағып кетті

Алматыда микроавтобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін жолда бес жасар баланы қағып кетті. Көлік апаты салдарынан зардап шеккен бала көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда микроавтобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтетін жолда бес жасар баланы қағып кетті. Көлік апаты салдарынан зардап шеккен бала көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"28-ақпан күні сағат 18 шамасында "Мицубиси Делика" көлігінің 1971 жылы туған жүргізушісі Береговой көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатып, Ким көшесінен солға бұрылғанда жаяу жүргіншілер өтетін жолмен келе жатқан 2006 жылы дүниеге келген баланы қағып кеткен",- деп хабарлады Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД ақпараттарына сүйенсек, "көлік апатының салдарынан басынан жарақат алған бала № 1 балалар ауруханасына бара жатқан жолда көз жұмған".

"Атасы екі немересін балабақшадан алып келе жатқан, олардың бірі бес жаста, бірі үш жаста",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны