13.07.2007, 12:09 1177

Алматыда мотоциклші екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

АЛМАТЫ. 13-шілде. Kazakhstan Today. Алматыда мотоциклші екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Алматы қалалық "Құтқару қызметіне" сілтеме жасап.

Кеше кешке Майлин даңғылы мен Монтажная көшесінің қиылысында 43 жастағы мотоцикл жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып ктеті. "Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі түрлі жарақаттармен қалалық №4 клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылса, 25-30 жас шамасындағы аты-жөні беймәлім азиялық нәсілді жігіт оқиға орнында жан тапсырды, ал 30-35 жас шамасындағы еуропалық нәсілді әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - деп хабарлайды құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Анастасия Малишич.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны