30.01.2008, 09:56 1763

Алматыда өрттердің салдарынан екі қарт адам қаза тапты

Алматыда өрттердің салдарынан екі қарт адам қаза тапты

Алматы. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда өрттердің салдарынан екі қарт адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік Алматы қалалық "Құтқару қызметі" ҚМКК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қаңтарда 8 сағат 46 минутта жай үйде өрт шығу салдарынан 90 жастағы әйел қаза тапты.

Сонымен бірге, 29 қаңтарда сағат 10-да жай үйдегі өрттің салдарынан ер адам қаза тапты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенше жалын ауыздықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны