25.10.2010, 14:42 3650

Алматыда полимерлік заттар сақталған қоймада өрт шықты

Алматы қаласындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспсөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 25 - қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласындағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспсөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24-қазан күні сағат 07.09 Алматы қаласының Түріксіб ауданында Котельников көшесінде орналасқан "Еуразия Финанс Кэпитал" ЖШС-ның полимерлі заттарды сақтауға арналған қойма ғимараттарында өрт шыққан.

"Жалын сағат 10.40 өшірілген. Өрт сөндіруге Алматы қаласының ТЖД өртке қарсы құрылымдардың жеке құрамдағы 60 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылған",-деп хабарлады ТЖМ.

"Тілсіз жау 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны