05.10.2009, 16:16 1405

Алматыда салынып жатқан метро нысанында топырақтың опырылу зардаптары жойылды

Алматыда салынып жатқан метро нысанында топырақтың опырылу зардаптары жойылды

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда салынып жатқан метро нысанында топырақтың опырылу зардаптары жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

""Иуезов атындағы драмтеатр" станциясында 2009 жылдың 28 қыркүйегінде болған топырақ опырылу оқиғасының зардаптары толық жойылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Апаттың зардаптарын жою жұмыстары 3 тәулікке созылды. Оқиға кезінде түзілген көлемі 600 текше метр бос кеңістікке бетон сұйықтығы құйылып, толтырылды. Қайта опырылу қаупі жоқ", - делінген хабарламада.

Қазір метро құрылысы қалыпты тәртіппен жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны