15.06.2006, 18:18 2910

Алматыда тәртіп сақшылары Жамбыл облысының тұрғынынан 1,5 килограмм гашиш тәркіледі

АЛМАТЫ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының тұрғынынан 1,5 килограмм гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның түсініктемесіне сәйкес, 27 жастағы жігіт Тілендиев көшесінің бойындағы үйдің жанында 1,5 килограмм гашишты сатуға әрекет жасау үстінде ұсталған.
Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны