08.07.2010, 14:09 2811

Алматыда түнгі клуб күзетшісі адамды соққыға жығып, оны тапаншадан атқан

"Жұмадан сенбіге қараған түні сағат үште Бостандық ауданында Жандосов көшесінің бойында орналасқан дискоклуб маңында үш жас жігіт 28 жастағы Алматы қаласы, Қазақфильм ықшамауданының тұрғынын соққыға жыққан да, жарақаттайтын тапаншадан атқан", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Алматы. 8-шілде. Kazakhstan Today Алматыда 3 шілдеде түнгі клуб күзетшісі адамды соққыға жығып, оны тапаншадан атқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Жұмадан сенбіге қараған түні сағат үште Бостандық ауданында Жандосов көшесінің бойында орналасқан дискоклуб маңында үш жас жігіт 28 жастағы Алматы қаласы, Қазақфильм ықшамауданының тұрғынын соққыға жыққан да, жарақаттайтын тапаншадан атқан", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Полиция мәліметтеріне сүйенсек, тапанша оғынан жарақаттанған және соққы алған жәбірленуші №5 ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны