18.04.2013, 11:57 3170

Алматыда тұрғын үй басқармасында бөлім бастығы 5 мың доллар парамен ұсталды

Алматы қаласы қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде Алматы қаласы Полежаев көшесінде Алматы қаржы полициясы департаменті қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасын ұйымдастыру барысында Е. есімді азаматтан 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде "Алматы Тұрғын үй" МКМ-нің тұрғын үй қорын тексеру және құқық беруші құжаттар бөлімінің бастығы Е.Ибдірешов ұсталды.

Алматы. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда тұрғын үй басқармасының бастығы 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде Алматы қаласы Полежаев көшесінде Алматы қаржы полициясы департаменті қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасын ұйымдастыру барысында Е. есімді азаматтан 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде "Алматы Тұрғын үй" МКМ-нің тұрғын үй қорын тексеру және құқық беруші құжаттар бөлімінің бастығы Е.Ибдірешов ұсталды.

Тергеу кезінде Е.Ибдірешов өз кінәсін мойындаған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қысқартылған сотқа дейінгі өндіріс тәртібімен жақын арада сотқа жолданады.

"9 сәуірде Алматы қаласы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне әйел адам мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегін жылжыту үшін ақша сұрағаны бойынша Алматы қаласы тұрғын үй басқармасы қызметкерлеріне шара қолдану жөнінде шағымданып келген", деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны