16.07.2009, 10:08 1756

Алматыда улы химикаттар қоймасы табылды - ТЖМ

Алматыда улы химикаттар қоймасы табылды - ТЖМ

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда улы химикаттар қоймасы табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданындағы Қожанов көшесінде ҚР ҰҒА Өсімдік қорғау институтының бұрынғы тәжірибелік шаруашылығының аумағынан 15 шілдеде сағат 15.40-та тастанды улы химикаттар қоймасы табылды, онда 150 килограмм калий хлориді, 150 литр белгісіз улы сұйықтық пен 450 килограмм фунгицид болған.

Қойманың айналасын полиция қызметкерлері қоршауға алды. Улы химикаттарды көметін орын анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны