09.02.2012, 16:21 3712

Алматыда ВАЗ көлігі екі оқушыны қағып кетті

"Кеше сағат 12.00 Алматының Алатау ауданында орналасқан №41 орта мектептің 5-ші сыныбында оқитын екі оқушы мектептің жанындағы Жастар көшесін кесіп өтпек болған. "ВАЗ" автомашинасының жүргізушісі қыздарды белгіленген жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Алматы. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда ВАЗ көлігі екі оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Кеше сағат 12.00 Алматының Алатау ауданында орналасқан №41 орта мектептің 5-ші сыныбында оқитын екі оқушы мектептің жанындағы Жастар көшесін кесіп өтпек болған. "ВАЗ" автомашинасының жүргізушісі қыздарды белгіленген жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Полицияның мәліметіне қарағанда, бұл жаяу жүргіншілер жолы "Балалар қауіпсіздігі" бағдарламасы бойынша да жабдықталған.

"Оқыс оқиға салдарынан жаяу жүргіншінің екеуі де дене жарақатын алды. Қыздар 1-ші балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ал асығыстық танытқан жүргізуші қатаң жауапкершілікке тартылатын болады", - деп хабарлады Алматы ІІД ЖПБ бастығы Арман Сарбасов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны