13.10.2009, 16:26 3160

Алматыда жанармай тарату бекетінің қызметкері жанармай құйылған алып ыдысқа құлап қаза тапты

Алматыда жанармай тарату бекетінің қызметкері жанармай құйылған алып ыдысқа құлап қаза тапты

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда жанармай тарату бекетінің қызметкері жанармай құйылған ыдысқа құлап қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін таңертең сағат 07.50-де Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолда РК Oil № 5 жанармай тарату бекетінде белгісіз себеппен 21 жастағы қызметкер жанармай құйылған алып ыдысқа құлап, оқиға орнында қаза тапты".

"Құтқару қызметінің мамандары жігіттің мәйітін шығарып алып, полиция қызметкерлеріне табыстады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, оқиғаның себептерін еңбек қорғау департаменті мен Жетісу АІІБ қызметкерлері тексеріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны