15.06.2009, 15:49 1338

Алматыда жанған екі ғимараттағы өрт шоғырландырылды, өрттің таралу қаупі жойылды

Алматыда жанған екі ғимараттағы өрт шоғырландырылды, өрттің таралу қаупі жойылды

Алматы. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жанған екі ғимараттағы өрт шоғырландырылды, өрттің таралу қаупі жойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД хабарлауынша, Уәлиханов көшесіндегі 43 үйде маталар дүкенінде шыққан өрт алдын-ала мәлімет бойынша 900 шаршы метрді құраған.

Ал Қазыбаев көшесіндегі 26 үйдегі ағаш өңдеу цехының қоймасындағы өрт 500 шаршы метрді құрады. Өрт шоғырландырылды, оларды толық сөндіру бірнеше сағатқа созылады.

Жанып жатқан ғимараттардан өрттің одан әрі таралу қаупі жойылды, деп хабарлайды ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны