26.06.2006, 09:36 2777

Алматыда жеңіл автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам жараланды

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда “Мерседес” маркалы жеңіл автокөлік пен “Хюндай” маркалы бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат жексенбі күні таңертең Фурманов және Сәтпаев атындағы көшелердің қиылысында болған. Мекеме ақпаратына сәйкес, жеңіл автокөліктің жүргізушісі автобуспен соқтығысып қалған. Апат салдарынан автобуста отырған 17-43 жас аралығындағы 13 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны