07.10.2010, 15:20 2982

Алматыда жиһаз және макарон өндіретін ғимаратта өрт шықты

Алматыда жиһаз және макарон өндіретін ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда жиһаз және макарон өндіретін ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 03.33 Алматының Жетісу ауданындағы Булкушев көшесіндегі "Еңбек Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының макарон және жиһаз цехтарында өрт шыққан. Тілсіз жау 450 шаршы метрді шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Жалынды ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ Алматы төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің жеке құрамындағы 57 қызметкері мен 19 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметтінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны