06.04.2010, 09:59 2771

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты - ТЖМ

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты - ТЖМ

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 5 сәуірінде сағат 23.51-де Алматы қаласының Алатау ауданында "БМВ" автокөлігі электр жалғастыру желісінің бағанына соқтығысты. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, 5-сәуір күні түскі сағат 3 шамасында Жамбыл облысы Шу ауданын басып өтетін "Алматы-Ташкент" автожолының 283-ші шақырымында "Тойота" және "Ниссан" автокөліктері соқтығысып қалған, соның салдарынан "Ниссан" машинасы аударылған.

Жол апаты салдарынан аударылған көліктің бір жолаушысы ауруханада көз жұмса, тағы 4 адам, соның ішінде 2 және 5 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны