12.10.2009, 15:16 1473

Алматыда жолаушылар тасымалдайтын екі автобустың соқтығысуы салдарынан алты адам ауруханаға жатқызылды

Алматыда жолаушылар тасымалдайтын екі автобустың соқтығысуы салдарынан алты адам ауруханаға жатқызылды

Алматы. 12 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда жолаушылар тасымалдайтын екі автобустың соқтығысуы салдарынан алты адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 13.50-де Абай даңғылы мен Гагарин көшелерінің қиылысында №82 және №65 жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты. Апат салдарынан ішінде 20-дай адам отырған №82 автобус аударылып қалды. Соның кесірінен 5 жолаушы мен №82 автобустың жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды құтқару қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны