25.02.2011, 13:23 3528

Алматыда жүздеген көп пәтерлі үйлердің тұрғындары мен 25 әкімшілік ғимараттары жылусыз қалды

Алматының Бостандық ауданында жүздеген көп пәтерлі үйлердің тұрғындары мен 25 әкімшілік ғимараттары жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматының Бостандық ауданында жүздеген көп пәтерлі үйлердің тұрғындары мен 25 әкімшілік ғимараттары жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше, кешкі сағат 8-де Алматы қаласында орталықтан жылу тарату құбырының жарылуы салдарынан 122 көппәтерлі және 10 жер үй, 25 әкімшілік ғимарат, соның ішінде №152 балабақша мен №73, 93-ші мектептер, сондай-ақ Айманов, Тимирязев, Гагарин, Өтепов, Розыбакиев пен Жандосов көшелерінің тұрғындары жылусыз қалған.

Құбырдың жарылу диаметрі 400 мм-ді құрады. Төтенше жағдайды жоюға "Алматы жылу жүйелері" АҚ-ның 29 қызметкері мен 10 техникасы, "АПК"-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы, "Қазақтелеком" АҚ-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны