29.05.2012, 12:14 3593

Алматыдағы "Айя" Қиял әлемі" демалыс орнында өрт шықты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Айя" Қиял әлемі" демалыс орынында шыққан өрттің аумағы 2 180 шаршы метрді құраған.

Алматы. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыдағы "Айя" Қиял әлемі" демалыс орнында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Айя" Қиял әлемі" демалыс орынында шыққан өрттің аумағы 2 180 шаршы метрді құраған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 06.26. минутта Алматы қаласындағы ""Айя" Қиял әлемі" демалыс орынында өрт шыққан болатын. Мекеменің ақпаратына қарағанда, ойын автоматтары залы, тамақтанатын орын, қойма, медициналық пункт пен санитарлық бөлме жалынға оранған.

Сағат 08.10 минутта тілсіз жаудың аумағы шектеліп, 13.33 минутта толығымен ауыздықталды. ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 67 маманы мен 16 техникасы өртті сөндіруге жұмылдырылған. Өрттің аумағы 2180 ш.м. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны