21.11.2011, 09:44 3752

Алматыдағы базарлардың бірінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Алматыда бір жеткіншек пиротехникалық бұйымдар сақтайтын контейнерде шыққан өрттен алған жарақаттары салдарынан қаза тапқан.

Алматы. 21-қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы базарлардың бірінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда бір жеткіншек пиротехникалық бұйымдар сақтайтын контейнерде шыққан өрттен алған жарақаттары салдарынан қаза тапқан.

"20 қараша күні сағат 15.48 Алматы қаласының Жетісу ауданындағы 9 солтүстік айналма жолда орналасқан "Ялян" базарыдағы пиротехникалық бұйымдар контейнерінде өрт шықты. Өрт салдарынан денесін күйік шалған 1992 жылы туған Дый А. есімді азамат дереу ауруханаға жеткізу кезінде, жолда қаза болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 16.22 ауыздықталып, сағат 17.25 сөндірілді.

Өрт сөндіруге жеке құрамның 24 қызметкері мен ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны