06.09.2011, 15:00 3493

Алматыдағы кафелердің бірінде өрт шықты

Бүгін түнде Алматы қаласындағы "Восток" дәмханасы түгелдей жанып кеткен.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы кафелердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде Алматы қаласындағы "Восток" дәмханасы түгелдей жанып кеткен.

Түрксіб ауданы, Гете көшесінде орналасқан дәмхана түнгі сағат 3.30 өртене бастады. Өртті сөндіруге Алматы қаласының ТЖД-ның 36 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған. Тілсіз жау 20 минуттан кейін ауыздықталып, екі сағаттан кейін толығымен өшірілген.

Өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнында 25 жастағы азамат қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны