20.07.2016, 20:03 7435

Алматылық атқыштыӊ көршілері жалдамалы пәтерде лаӊкестіӊ тұрғанын білгенде, естерінен тана жаздады

Бүгін таӊ атпастан қаладағы "Көкбазардыӊ" маӊайы алатайдай бүлінді. Медеу ауданындағы Гоголь - Зеньков - Мақатаев - Абдуллиндер көшелерініӊ алабы толықтай жабылып, қарулы жасақтар ешкімді жібермей, қоршауға алды. Жағдайды қатаӊ бақылауда ұстау үшін ішкі әскер жасақтары да молынан тартылған

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ала таӊмен басталған арнайы операция алматылықтарды бүгін тағы шошытты. Мұздай қаруланған күш құрылымдары Көкбазар маӊын толығымен қоршауға алынып, оған тіпті дәрігерлер мен құтқарушыларға дейін тартылған. Көпқабатты үйдіӊ тұрғындары да дереу сыртқа шығарылды. Сөйтсе, құзырлы орындар сол аудандағы лаӊкес Руслан Күлікбаевтыӊ жалдамалы пәтерін тінтуге келіпті. Бірақ ештеӊе таппай, екі сағаттан кейін қоршау алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін таӊ атпастан қаладағы "Көкбазардыӊ" маӊайы алатайдай бүлінді. Медеу ауданындағы Гоголь - Зеньков - Мақатаев - Абдуллиндер көшелерініӊ алабы толықтай жабылып, қарулы жасақтар ешкімді жібермей, қоршауға алды. Жағдайды қатаӊ бақылауда ұстау үшін ішкі әскер жасақтары да молынан тартылған. деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Лег-легімен келіп жеткен күш құрылымдары дереу Жібек жолы көшесінде орналасқан 39-шы үйдіӊ тұрғындарын көшірді. Шошынып қалған жұрт алғашында не болғанын түсінбей абдырады.

Бағдат Түркеев, оқиға куәгері:

-8:39-да есіктерімізді қағып, ештеӊені ашып айтпастан,10-15 минутқа көшеге шығуымызды сұрады. Пәтер жалдап тұратын көршілеріміз бар еді, соларға қатысты деп ойлап тұрмыз.

Иә, полиция да сол жалдамалы пәтердіӊ бірін тінтуге келген екен. Мұнда лаӊкес Руслан Күлікбаев бала-шағасымен тұрған. Арнайы жасақ лаӊкестіӊ баспанасына көрші пәтердіӊ терезесі арқылы кіріп, тіпті төменге камера түсіру үшін еденін тескен. Сынған терезе мен қиратылға есікті әкімді жөндеп беруге келісіп отыр. Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет елді дүрліктірген есерсоқтыӊ бір бөлмелі пәтерінде аса қауіпті заттар болуы мүмкін деп қауіптеніпті. Құдай сақтап, жарылғыштар табылған жоқ.

Салтанат Изірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Сондықтан да барлы сақтық шараларды таныттық. Еӊ алдымен осы үйде тұратын азаматтар эвакуацияланып, шекаралас көшелерді жапқан болатынбыз. Азаматтардыӊ яғни жүріп-тұруына тосқауыл салдық. Тексеру амалдарыныӊ нәтижесінде қандай да бір заӊсыз заттар табылған жоқ.

Руслан Күлікбаевтіӊ өзі қазір қамауда отыр. Оған қатысты кісі өлтіру, лаӊкестік әрекет, қару-жарақты ұрлау немесе тартып алу сынды 6 бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сондай-ақ, террористік шабуылға дейінгі көлік жүргізушісі мен бір әйелді өлтіргені үшін де тағы екі іс бойынша тергеліп жатыр. Осы лаӊкестіӊ қолынан дүйсенбі күні 6 адам қаза тапқан болатын. Ауруханада әлі алтауы ем қабылдауда. Оныӊ бесеуі полиция қызметкері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны