29.08.2025, 21:03 137951

Алматы әуежайында жолаушы өзіне қол салды

Алматы әуежайында жолаушы өзіне қол салды
Әуе айлағының мәліметінше, T1 ішкі рейстер терминалының дәретханасында жолаушы өзіне дене жарақатын салуға әрекет жасады. Әуежай қызметкерлері жағдайды дер кезінде байқап, шұғыл түрде медициналық қызметті шақырған, деп хабарлайды Inform.kz.

- Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында. Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады әуежай.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны