15.12.2025, 14:50 4796

Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында

Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Штип қаласындағы Гоце Делчев атындағы университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан Қазақстанның ағымдағы дамуы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығы нәтижелерімен аудиторияны таныстырды.

Тыңдаушылар қазақстандық жоғары білім беру жүйесін, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше қызығушылық танытты.

Университет ректоры Деян Мираковскимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті нығайту қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ректор Д.Мираковски академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту перспективаларына назар аудара отырып, қазақстандық білім беру мекемелерімен өзара тиімді байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытты.

Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Гоце Делчев атындағы Университет 2007 жылы құрылған. Higher Education Council (Түркия), сондай-ақ Еуропалық Университет қауымдастығымен ынтымақтастығы бар. Студенттер саны 20 мыңнан асады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны