29.08.2023, 22:08 33136

Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешенінде тағы өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ
Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін кешкі 19:29 минут шамасында 101 пультіне Алматы қаласы Алатау ауданы Ақкент шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

5-ші қабаттағы пәтердің ас бөлмесінде түтін сорғысы өртеніп, қызыл жалын 0,8 шаршы метрді қамтыды. №2 өрт дәрежесі расталмады. Зардап шеккендер жоқ", - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Департамент мамандары азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Құрметті тұрғындар! Асханалық сорғыштағы май шөгінділерінің жануын болдырмау үшін, оны уақытылы тазарту қажет, электр сымдарының қысқа тұйықталуын болдырмау үшін сымдарды арнайы қысқыштар арқылы қосу керек", - деп атап өтті ведомстводан.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны