01.02.2023, 14:59 30921

Алматыда алаяқтар өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыруда

Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды
Алматы. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың саны артты. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен шұғыл брифинг өтті.

Қалалық әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әнуар Жексековтың айтуынша, алаяқтар азаматтарға телефон соғып, өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау және сендіру жолымен тұрғындардан ақша алып жүр.

Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды. Ал, алданған тұрғындармен келісім жасалғаннан кейін барлық телефондарды өшіреді. Әрі қарай алаяқтар жәбірленушілерге өздерін әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғанын хабарлайды, жалған куәлік береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын ала комиссия түрінде төлем талап етеді", - деп түсіндірді спикер.


Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаевтың мәліметінше, бүгінгі күні бес жалған қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әділет департаменті полицияға бес адамға қатысты барлық дәлелдейтін материалдармен арыз жолдады. Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деді ол.


Ведомство өкілдері ел тұрғындарын өз туыстарына, достары мен таныстарына алаяқтық фактілері туралы ескертуге, алаяқтардың арандатуы мен үгітіне сенбеуге шақырды.

Осындай жағдай болған жағдайда, +7 777 252 23 23 телефонына хабарласып, Алматы қаласы әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар, қызметкерлердің тізімдері департаменттің ресми сайтында жарияланған.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны